«Астана» клубының қорғаушысы Михаил Рожков алаңға оралуы үшін біраз уақыт керектігін айтты. 
 
«Дәрігерлер алаңға оралуым үшін бірталай уақыт керектігін алға тартты. Жарақат ауыр, дегенмен барлығы өзіме байланысты дейді. Футбол - менің өмірім, алаңға қайта шыққым келеді. Дегенмен ақырындап физикалық жаттығулар мен бассейнде, тренажерлық залда тер төгіп еңбек етіп жүрмін. Астанада жиі көруніге тырысамын», - дейді Рожков «Караван» газетіне.