Арсен Венгер жақын арада жаңа келісімшарқта қол қоймақ.
 
«Стэн Кренке маған көп үміт артады. Барлық жағдайды жасауда, команданың жеңіске жететіндігіне сенімі мол. Мен үшін бұл жақсы. Он жеті жыл ішінде көрмегеніміз жоқ, жеңіске де жеттік, ұтылдық та талай. Дегенмен клуб басшылығы ылғи да маған сенеді. Сенімді ақтауға тырысамын. «Арсеналда» мәңгі-бақи қалуға дайынмын. Мен бұл клубты өте қатты сүйемін», - деді Арсен Венгер.