«Астаналық» велошабондоз Бахтияр Қожатаев жарақатына байланысты Флоренция қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатын жалғастыра алмайтын болды.
 
«Бахтияр мен Даниилға көп үміт артқанбыз. Команда аталған екі шабондозды жеңіске жетелеген еді. Өкінішке қарай Бахтияр аяғының жарақатына байланысты жарысты тоқтатуға мәжбүр», - дейді команда менеджері Дмитрий Седун.