Маусымды жақсы бастаған «Барыс» ойыншылары жеке көрсеткіш нәтижелері бойынша көшбастап келеді.

Талғат Жайлауов 13 ұпаймен (3+10) бомбардилер тізімін ұстап келеді. Канадалық шабуылшымыз Дастин Бойд мергендер рейтингісінде 7 шайбамен көшбастауда. Тағы бір хоккейшіміз Майк Ландин қорғаушылар арасындағы пас беру көрсеткіші бойынша (8 пас) бірінші орында келе жатыр.