«Астана» футбол клубының екінші оқу-жаттығу жиынының басталуына екі күн ғана уақыт қалды.

Елордалық команда бірінші оқу-жаттығу жиынын Словакия чемпиондары «Жилина» клубына қарсы кездесумен аяқтаған еді.

Қазақстанның төрт дүркін чемпиондарының баспасөз қызметі осы ойынның статистикалық мәліметтерін дайындаған болатын. Осы көрсеткіштер бойынша «Астана» алаңда өткізген 90 минутта қарсылас команда қақпасына 15 соққы бағыттаған. Бұл «Жилина» командасымен салыстырғанда екі есе көп. Бұл көрсеткіш бойынша астаналықтар сапынан қарсылас қақпасына 4 соққыдан бағыттаған Марин Томасов пен Жуниор Кабананга белсенді болды.

Ойын статистикасы:

Соққылар: 15- 7

Қақпаға тура бағытталған соққылар: 3-4

Допқи иелік ету: 47%- 53%

Фолдар: 14 – 16

Сары қағаздар: 2-1

Офсайдтар: 2-4

Бұрыштамалар: 6-2

Instat Index көрсеткіші бойынша үздік ойыншылар: Шитов - Жаносик