Словенияның Любляна қаласында басталған футзалдан Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы ойынын өткізіп жатыр.

Польша құрамасымен болып жатқан ойынның бірінші таймынан соң Қазақстан құрамасы 0-4 есебімен ұтуда. Ұлттық құрама қатарынан Тайнан, Біржан Оразов, Серік Жаманқұлов және Першин бірден гол соқты. Алғашқы екеуі ресми ойындағы Қазақстан құрамасы үшін алғашқы голдарын соғып отыр.

Естеріңізге салсақ, біздің топта Польшадан өзге Ресей құрамасы да бар.

Топтағы Польша мен Ресей құрамалары арасындағы ойын 1-1 есебімен аяқталған.