Түрік баспасөзінің мәліметіне сүйенсек, 35 жастағы ивуарлық шабуылшы Дидье Дрогба стамбулдық клуб «Галатасарайдың» алаңдағы бапкері болуы мүмкін.

Команда басшылығы мен жанкүйерлер оның алаңда жүріп ойыншыларды басқара алатынына сенеді. Команданы баптауға оның тәжірибесі де беделі де жетеді-міс. Тағы бір деректерге сүйенсек клуб басшылары Роберто Манчини мен Роберто ди Маттеомен де келіссөз жүргізуде.