Бүгін Люблянада (Словения) Қазақстан құрамасы футзалдан Еуропа чемпионаты аясында алғашқы кездесуін өткізеді, деп хабарлайды prosports.kz.

Жерлестеріміз Польша командасымен күш сынасады. «Арена Стожице» спорт сарайында өтетін кездесу Астана уақытымен сағат 23:00 басталады. Ойынды «Хабар» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.