Маусымашар алдында Нижний Новгород қаласында өткен  Нестеров Кубогында «Астана» БК екінші орын алды.

Жарыс аясындағы соңғы кездесуін жерлестеріміз сарытаулық «Автодормен» өткізді. Матч барысында терезесі тең ойын көрсеткен қос ұжым жандарын сала ойнады. Кездесу соңына таман басымдыққа ие болған ресейліктер алға шығып кетті. Қорытынды есеп – 91:85.

«Автодор» (Саратов)  «Астана» (Астана) 91:85 (21:22, 21:19, 26:26, 23:18)

«Автодор»: Вздыхалкин (9 + 7 подборов + 4 передачи), Лихолитов (23 + 7 подборов), Качанко (0), Сотников (22), Плотников (3), Клименко (8), Павленко (0), Фортсон (16 + 7 передач + 6 подборов), Кадыров (0), Стребков (7), Топоров (3).

«Астана»: Джонсон (14 + 5 передач), Лаваль (8), Саймон (18 + 11 подборов), Мургазалиев (3), Климов (0), Яргалиев (0), Раш (14), Цветкович (16), Марчук (0), Колесников (0), Калатес (4), Блумс (8).