Армения құрамасының қорғаушысы Камо Оганесян талдықорғандық «Жетісу» командасының қатарын толықтырады, деп хабаралйды prosports.kz сайты.

25 жастағы футболшы қорғаныстың қос қапталында да ойнай алады. Осы күнге дейін өз елінің «Патани» және «Пюник» командаларында және Беларусьтің «Торпедо-БелАЗ» клубында доп тепкен. Армения ұлттық құрамасы үшін 37 ойынға қатысқан.