Еліміздің ең мықты кудошылары Орал қаласында Қазақстан республикасы кубогын сарапқа салды, деп хабарлайды хабар телеарнасы.
Жарысқа 6 облыстың 60-тан астам спортшысы қатысты.
Жекпе-жек түрлерінің ішіндегі ең жасы саналатын кудо 80 жылдардың басында пайда болған. Елімізде 2010 жылдардан бастап қанат жая бастады. Мұнда каратэ, дзюдо, муай-тай тәсілдері қолданылады, ұруға, тебуге, партерде күресуге де болады. Нағыз ұрыс өнері аталатын жекпе-жекпен бүгінде мыңдаған өрен шұғылданады. Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте батысқазақстандықтар бірінші орынды иеленсе, қостанайлықтар мен ақтөбеліктер алғашқы үштіктен табылды.
Дархан Темірәлиев, жарысқа қатысушы:
– Мен негізі каратэмен айналысамын. Өзімді сынап көру үшін кудоға бірінші рет шықтым. Каратэден айырмашылығы бар. Барынша қатты соққы жасауға болады. Кудо жекпе-жегі ұнайды.
Комментарии