Өскемендік «Казцинк-Торпедо» «Ермакпен» өткен кескілескен матчта жеңімпаз атанды.

Жерлестеріміз алғашқы периодта есепті ашып алға шықты. «Ермак» ойыншылары таразы басын екінші кезеңде ғана теңестіре алды.

Шешуші периодта қос команда қатарынан гол алмасты. Тең нәтиже екі команданың да көңілін көншітпейтін еді. Жан алысып - жан беріскен матчтың қортындысы ойын аяқталарда белгілі болды. Қарсылас қорғаушылардың қателігін пайдаланған Александр Шин «хет-трик» жасап командасына жеңіс сыйлады.

«Ермак» (Ангарск) – «Казцинк-Торпедо» (Өскемен) 3:4 (0:1, 1:0, 2:3)

0:1 - Шин (Рымарев) - 07:041:1 - Казанцев (Подшендялов) - 28:20, в большинстве2:1 - Подшендялов (Попов) - 42:232:2 - Кошелев (Токарев, Устюжанин) - 45:273:2 - Подшендялов (Казанцев, Бердников) - 47:503:3 - Шин (Корсунов, Рымарев) - 49:31, басымдықта3:4 - Шин - 57:46