Криштиану Роналду қайтадан қыздармен көңіл көтере бастады. 32 жастағы футболшымен атастырылған Джорджина Родригес оның төрт баласын тәрбиелеп отыр. Ал қызуы басылмаған футболшы Райан Саджан атты модельмен көңіл қосқан.

Бұл туралы шетелдік басылымдар жарыса жазуда. 31 жастағы Райан іш киімдерді жарнамалайтын британдық модель. Роналду екеуі Лондондағы Манчестер Юнайтед (2003-2009) ойыны кезінде танысқан. Жастар тез араласып, үнемі бірге клубтарда көңіл көтерген.

Криштиану Португалияға оралғаннан кейін де екеуі дос ретінде араласып жүрді, бірақ қарым-қатынастары қарқынды болмады. Алайда инсайдерлердің хабарлауынша соңғы уақытта Криштиану модель қызға өзі хабарласып, кездесуге ниет білдіріп, мазасын ала бастаған.

Криштиану Райнға толассыз смс хаттар жазып тұрады екен.

Олар негізінен достық қарым-қатынаста, бірақ кейде Криштиану шектен шығып кетеді. Дереккөздің хабарлауынша, қыз бірнеше рет оған күйеу жігітінің бар екенін айтқан, бірақ бұған Кришану еш мән бермеген.

Нәтижесінде, қыздың күйеу жігіті бұл іске араласуға мәжбүр болды. 2014 жылдан бастап Райанмен атастырылған Оливер Меллор Криштиануға қалыңдығының мазасын алмауды өтініп хат жазған.

Футболшының жақындары бұл жағдай туралы жақ ашпады. Бірақ, көпшілігі жақында өткен Джорджина Родригестің туған күніне Криштианудың келмегенін байқаған екен. Еске салайық, Криштиану Роналду мен Джорджина Родригестің үйлену тойы жазда өтіледі деп жоспарланған.

Айтпақшы, Райан Саджен алғаш рет мұндай оқиғаларға тап болып тұрған жоқ. 2010 жылы үйленген британдық тележүргізуші Вернон Кэй де Райанға смс хаттар жазып, көңілін білдірген.

Роналдуға келер болсақ, футболшыны «донжуан» деп атайтыны бұрыннан белгілі. Ол экс-сүйіктісі Ирина Шейкке де ондаған әйелмен опасыздық жасаған болатын.