Футболдан әйелдер құрама командасы 2015 жылы өтетін әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Франциядан 0:4 есебімен ұтылды.
 
Голдардың барлығы бірінші таймда соғылды. Тиней атына дубль жазса, Дели мен Деланнуа бір-бір голдан соқты.
 
Келесі кездесу 26 қазан күні Болгарияға қарсы өтеді.
 
Әлем чемпионаты. Іріктеу кезең.
Қазақстан - Франция 0:4 (0:4)
Голдар: Дели 15, Тиней 17, 37, Деланнуа 21,
Қазақстан: Шойкина, Жолчиева, Красюкова, Идиатуллина, Мясникова, Алякина (Николаенко 21), Иванова, Қырғызбаева, Карибаева (Бабшук 57), Вылданова, Ялова (Әлімбозыва 86)
Франция: Буадди, Ренар, Деланнуа, Франко, Анри, Уара, Абили (Бюссалья 77), Несиб, Тиней (Маканза 83), Томис (Катала 67), Дели
Бас төреші: Зузана Ковачова (Словакия)
25 қыркүйек. Астана. Хаджымұкан Мұнайтпасов атындағы стадион.