Ресейдің Хабаровск қаласында басталған допты хоккейден Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Венгриямен кездесіп 29-0 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды prosports.kz.

Кездесуде Қазақстан құрамасының капитаны Рауан Исалиев сегіз голдың авторы атанды.

Енді Қазақстан құрамасы топтағы екінші ойынында АҚШ құрамасымен кездеседі.

Венгрия мен АҚШ-тан өзге біздің топта Германия құрамасы бар.

Допты хоккейден 38-Әлем чемпионаты төртінші ақпанда мәресіне жетеді.