Тайбэйде өтіп жатқан WTA турнирінде қазақстандық теннисші Зарина Дияс ресейлік Анна Блинкованы жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 1 сағат, 30 минутқа созылған. Матч 6:2, 7:5 есебімен Диястың пайдасына аяқталды.

Енді 1/8 финалда Дияс Никулеску – Жабер жұбының жеңімпазымен кездеседі.