K2 Promotions Ukraine компаниясы ағайынды Кличколардың ықпалымен 2005 жылы құрылған. Бүгінде бұл компаниямен Макс Бурсака, Александр Узелков, Сергей Федченко, Виктор Плотников, Александр Устинов сынды украиналық былғары қолғап шеберлерімен жұмыс жасап жатыр. Енді жоғарыда аталған боксшылардың қатарына былтыр WSB сериясында «Украина атамандары» командасының намысын қорғаған Александр Усикте қосылды. Келсімшартқа ресми қол қою шарасы кеше өтті. Жиынға K2 Promotions Ukraine компаниясының директоры Александр Красюк пен аса ауыр салмақтағы WBC тұжырымының чемпионы Виталий Кличко қатысты. «Усикпен келісімге келгенімізге өте қуаныштымыз. Дегенмен, Сашаны әлі мықты боксшылармен шығармаймыз. Себебі, ол кәсіпқой боксқа төселу керек. Александрдың алғашқы жекпе-жегін 9 қараша күні көре аласыздар», - деді жиын барысында Виталий Клияко.