«Астананың» жетекті ойыншысы Патрик Твумасиге енді француз клубтары көз тіге бастапты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Footmercato.net ақпаратына сүйенсек, франциялық «Нант» пен «Генгам» (Франция 1-ші лигасы) ганалық футболшыны өз қатарынан көргісі келеді.

Осы қысқы трансферде Твумасиді сатып алғысы келетін клубтар көп болған. Оның ішінде түркиялық «Бурсаспорды» ерекше атап өтуге болады. Бірақ қос тарап трансфердің құнына келісе алмаған болатын. Одан бөлек, Патрикке немістің «Штутгарты» мен «Гамбургы», ресейлік «Спартак», шотландиялық «Селтик», түркиялық «Гезтеп» және жапониялық бір клуб қызығушылық танытқан болатын.