Иран елінің астанасы Тегеранда 1-3 ақпан аралығында өтетін Азия чемпионатына 23 елден 300 спортшы қатысады, деп хабарлайды prosports.kz сайты ҚР Жеңіл атлетика федерациясына сілтеме жасап.
«Жеңіл атлетикадан Тегеранда өтетін жарысқа қатысатын Қазақстан құрамасы адам саны жағынан ең ауқымды командалардың бірі болады. Оның құрамында 25 адам бар. Салыстырмалы түрде алғанда Иран құрамасында 29 спортшы бар»,-делінген хабарламада. Жарыс «Афтаб Энгелаб» спорт кешенінде өтеді.
Айта кетейік, Иран заңнамаларының ерекшеліктеріне байланысты ерлерге АЧ-2018 жарысында әйелдер арасындағы бәсекеге баруға тыйым салынады. Ерлер мен әйелдер арасындағы жарыстар бөлек ұйымдастырылады.