Алдағы жазғы трансферлік уақытта мадридтік «Реал» бірнеше жаңа ойыншыны алмақ, деп жазады Marca агенттігі.

«Королдік» клубтың президенті Флорентино Перес команданың осы маусымдағы сәтсіз нәтижесі негізге ала отырып, негізгі құрамның ойыншыларын толықтай өзгертуге бел буды.

«Реалдың» басшылығы трансферге 300 миллион еуро бөлуге әзір. Оның үстіне команда ойыншыларын сатудан түсетін қаражат та жаңа футболшыларды алуға жұмсалмақ.

Мадридтік ұжымның басты нысаны – «ПСЖ» командасының шабуылшысы Неймар.