Еліміздің батысындағы Ақтөбе қаласында заманауи жеңіл атлетика манежі салынады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақтөбеде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жаңа нысандардың құрылысы бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.

Биылғы жылы алдыңғы қатарлы халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жеңіл атлетика манежінің құрылысын бастау жоспарланып отыр. Жобаға сай ғимараттың жалпы ауданы 8,5 мың шаршы метрді құрайды.

Өткен жылы Ақтөбеде заманауи Жекпе жек сарайы және «Олимп» хоккей модулі пайдалануға берілген болатын. 2018 жылы Теннис орталығы және 2500 мың орынға арналған Мұз сарайының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен жаңа спорттық және ойын алаңдарын салу, мектептерді спорттық жабдықтармен және түзету құралдарымен қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастық жалғасуда.

Облыс басшысының пікірінше, жаңа спорттық нысандарды пайдалануға беру халық арасында бұқаралық спорт пен саламатты өмір салтын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.

Өткен жылы «Туған жерге тағзым» акциясының жүзеге асырылуы арқасында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бағыты бойынша облыстың экономикасына 29 миллиард теңге көлемінде бюджеттен тыс қаражат тартылды. Сондай-ақ, Шығармашылық академиясы, Өнер орталығы, «Жұбановтар әлемі» үйі және басқа да жобалар іске қосылды, - делінген баспасөз хабарламада