Ағылшындық «Манчестер Сити» командасының бұрынғы бапкері Роберто Манчини алдағы уақытта түріктің «Галатасарай» командасының қолға алуы мүмкін. 
 
The Daily Mail басылымының хабарлауынша, итальяндық маман бүгінде Түркияға келіп, команданың жетекшілерімен келіссөз жүргізіп жатыр екен.
 
24-қыркүйек күні «Галатасарай» командасының басшылары клубтың бас бапкері Фатих Теримді орнынан босатқаны туралы мәлім болды. Команданың ресми сайтындағы мәлімет бойынша, Түркиялық команданың жетекшілері Теримге бапкерге екі жылдық жаңа ұсыныс ұсынған. Бірақ, 60-жасар маман бұл шартнамадан бас тартты. 
 
Жаңа бапкердің есімі 2 қазанға дейін яғни, «Галатасарай» Чемпиондар Лигасында «Ювентус» командасы қарсы ойынға дейін белгілі болуы керек.