Алматылық «Кайраттың» қорғаушысы Стюарт Макларен Дафф келісім шарт аяқталған соң отанына оралады.

«Мен футболшы мансапын «Қайратта» аяқтағым келген. Бірақ өкінішке орай бұндағы ереже бойынша 32 жастан кейін легионерлерге мұнда ойнауға болмайды. Сондықтан желтоқсанда келісім шарт аяқталған соң отаныма оралам. Алдағы мақсатым УЕФА-да бакпер мамандығына оқып, артынша бапкер лицензиясын алу. Кім біледі болашақта мүмкін «Қайратты» да жаттықтырармын», - дейді Дафф ct.kz. сайтына.