Англиялық «Тоттенхэмнің» бас бапкері Маурисио Почеттино қай клубтарды ешқашан жаттықтырмайтынын айтты.

«Барселона» мен «Арсеналды» жаттықтырмайтыным анық, себебі мен өзімді «Тоттенхэммен» және «Эспоньолмен» байланыстырамын. «Ньюэллс Олд Бойста» өскендіктен, «Росарио Сентральға» ешқашан бармаймын. Бұл менің шешімін. Бұл клубтарда жұмыс істегенімше, Аргентинаға оралып, фермада еңбек еткенім жақсы», - деді Почеттино.