«Ақжайық» Түркия жеріндегі ОЖЖ аясында румыниялық «Волунтари» командасымен жолдастық кездесу өткізіп жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz оралдық клубтың баспаөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесудегі алғашқы голды Еркін Тапалов ашты. Одан кейін екі рет Адеринсола Эсеола мергендік танытты. Кездесуді Игорь Вузачич қортындылады. Жалпы ойынның есебі 4:0.

«Ақжайық» ОЖЖ 28-қаңтарда бастаған болатын.