Мәскеудегі «Олимпиский» спорт кешенінде Александр Поветкин мен Владимир Кличко арасында өтетін кездесуде төрелік ететін қазылардің есімдері белгілі болды. 
 
Кездесудің бас төрешісі ретінде пуэрторикалық Луис Пабон тағайындалыпты. Қапталдан бұл төрешіге екі бірдей американдық мамандар Тед Гимза мен Гленн Фельдман және бельгиялық Филипп Вербаке көмектесетін болады. 
 
«Олимпиский» алаңыңда өтетін бокс кешінің жүргізушісі (ринганонсер) ретінде Майкл Баффер деп белгіленген. 
 
Айта кетейік, аса ауыр салмақтағы WSB тұжырымының чемпионы ресейлік Александр Поветкин мен WBA тұжырымының суперчемпионы, IBF және WBO тұжырымының чемпионы Владимир Кличко арасындағы кездесу 5 қазан күні Мәскеудің «Олимпиский спорт» кешенінде өтеді.