Мадридтік «Реал» ФК Президенті Флорентино Перес Гаррет Бейлдің трансферлік құны аса қымбат еместігін алға тартты.
 
«Бейлге артық төледік деп айта алмаймын. Меніңше футболшының бағасы ойын өрнегіне сай. Жаз мезгілінде «Реалдың» шығынға қарағанда табысы мол болғанын айта кеткен жөн. Ойыншы сатып аларда барша жұрттың назарындамыз. Алайда, біздің саясатымыз мынадай: «Реал» - тапқанынан көп жұмсамайды. Ал мен өз тарапымнан бізге көшу үшін қолдан келгенін істеген Бейлге ризашылығымды білдіремін», - деді Перес.