Футзалдан Қазақстан құрамасының 2018 жылғы Еуропа чемпионатындағы матчтарын жанкүйерлер тікелей эфирде тамашалай алады.

Матчтарды «Хабар» телеарнасы көрсетпек. Телеарна В тобындағы үш матчты да көрермендер назарына ұсынуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, бұл топта Қазақстан, Польша және Ресей құрамалары сынға түседі.

Көрсетілім кестесі төмендегідей:

31 қаңтар

Ресей – Польша 01:45*

1 ақпан

Польша – Қазақстан 23:00

3 ақпан

Қазақстан – Ресей 23:00

* Астана уақытымен