Қазақ футболының жүз жылдығына орай «Скворечник» спорт алаңында  20-21 қыркүйек күндері БАҚ арасында футбол додасы өтті. Аталған бәсекені ҚФФ мен «Футбольные вести» журналы біріге ұйымдастырды. 
 
Финалда «Алматы» телеарнасының журналистері «PROСПОРТ» тілшілерін 2:1 есебімен жеңді. Үшінші орын үшін өрбіген таласта  «Хабар» телеарнасы Vesti ұжымынан басым түсті.
 
Ұйымдастырушылар жеңімпаздарға құнды сыйлық пен арнайы дипломдарын табыстады. Үздік ойыншылар да сыйлықтан құр қол қалмады. Турнир барысында 13 гол соғып сұрмерген атанған «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісі Қайсар Оқасов «үздік бамбордир» атанды.