Таэквондодан қара белбеу иегері және инстаргам жұлдызы Айжан Байзақова терең күйзеліске түскенін мойындады, деп хабарлайды qasym.kz сайты.

Атышулы ару бір апта бойы үйінен шықпаған көрінеді. Бұл туралы ол Telegram-каналында жазды.

«Бұрын мені үйге әкеліп отырғызу, тыныштандыру, ұйықтату қиын болатын. Ал осы аптада маған жалғыздықта жайлы болды. Төсегімнен тұрмауға тырыстым. Мен «күйзеліс» деген сөзді жек көремін», - деп жазды бұзақы Байзақова.