«Ирланд тим» анықталды
 
Әлем елдері Алматыда өтетін бокстан әлем чемпионатына қамдана бастады. Боксшыларының әлеуетін бағамдап, мықтыларды електен өткізіп дегендей. Алғаш болып Ирландия құрамасы тізімін жариялады. Ирландиялықтардың қауқары көпшілікке мәлім. Олимпиада, әлем чемпионаттарынан жүлдесіз қайтып жүрген жоқ. Лондон олимпиадасынан 1 күміс, 2 қола алғанын білеміз. Қанат Әбутәліповтің Лондон ойындарында ирланд өкілі Джон Джо Невиннен ұтылғанын бокссүйер қауым ұмыта қоймаған болса керек. Әлем чемпионатында біздің қауіпті қарсыластарымыздың бірі осы Ирландия боксшылары болмақ. Бұл негізінен 49, 52, 64 және 81 келі салмақтарға байланысты. 
Хош делік. Бейжің және Лондон ойындарының қола жүлдегері Пэдди Барнс, олимпиада жүлдегері Майкл Конлан Алматыға келеді. Бір қызығы, 56 келідегі әлем үздіктерінің бірі Джон Невин тізімде жоқ. 
Құрамада сонымен бірге Еуропа чемпиондары мен жас боксшылар бар. 
 
49 келі: Пэдди Барнс (Лондон олимпадасының қола жүлдегері)
52 келі: Михаил Конлан (Лондон олимпадасының қола жүлдегері)
56 келі: Гэри Маккенна 
60 келі: Шон Мак-Комб 
64 келі: Рэй Мойлетт (Еуропа чемпионы, жастар арасында әлем чемпионы)
69 келі: Адам Нолан (Лондон олимпиадасына қатысушы)
75 келі: Джейсон Куигли (Еуропа чемпионы)
81 келі: Джо Уорд (Еуропа чемпионы, жастар арасында әлем чемпионы)
91 келі: Томми Маккарти 
+ 91 келі: Кон Шихан
 
«Азер тим» де анықталыпты
 
Әзірбайжан құрамасының әлем чемпионатында басты үміт артарлары Магомедрасул Меджидов һәм Теймур Маммадов. Екеуі де Олимпиада, әлем чемпионаттарының жүлдегері. Біздің Дычко мен Пинчуктың негізгі қарсыластары осылар. Еуропа чемпиондары Салман Ализаде, Эльвин Мамишзадені де басты бокс бәсекесінен көретін боламыз. 
 
49 кг: Салман Ализаде, Мунасиб Мамедов;
52 кг: Эльвин Мамишзаде, Турал Ахмедов,
56 кг: Илькин Агаев, Джавид Челебиев;
60 кг: Шабан Шахпеленгов, Эльвин Исаев, 
64 кг: Гейбатулла Гаджиалиев, Эльнур Сулейманов;
69 кг: Тамерлан Абдуллаев, Первиз Багиров;
75 кг: Солтан Мигитинов, Эльдар Гулиев;
81 кг: Рауф Рагимов, Эмиль Ахмедов;
91 кг: Теймур Маммадов, Забит Самедов;
+91 кг: Магомедрасул Меджидов, Камран Мехдиев
Тагабай Касымов