Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) ресми сайтында қазақстандық ауыр атлет Илья Ильинді дисквалификациялау мерзімі өзгергенін жариялады, деп хабарлайды отандық басылымдар.

Бір ай бұрын Қазақстан ауыр атлетика федерациясы IWF Ильинді 2018 жылдың 10 маусымына дейін жарыстардан шеттетті деп мәлімдеген болатын. Алайда, IWF-дің ресми шешімімен жеңіліп көрмеген отандасымыздың дисквалификация мерзімі - 2018 жылдың 19 қазанына дейін ұзарып отыр.