Аса ауыр салмақ бойынша 1996 жылы Олимпиада чемпионы атанған Владимир Кличко мен ресейлік чемпион Александр Поветкин арасында өтетін жекпе-жекке санаулы-ақ билеттер қалды.

Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады. Кіру билет құны теңгеге шаққанда 3000-нан 30 000-ға дейін жеткен.

Естеріңізге сала кетсек, WBA чемпионы Поветкин мен WBA-дің суперчемпионы Кличко арасындағы кездесу қазанның 5-де «Олимпийский» алаңында өтеді деп жоспарлаған.