Әлемнің бірінші ракеткасы Рафаэль Надаль Австралия ашық чемпионатының жартылай финалына шыға алмай қалды. Испаниялық теннисші шешуші сетте оң аяғын жарақаттап алып, хорватиялық Марин Чиличпен ойынын жалғастырудан бас тартты.Теннисшілердің корттағы ойыны 3 сағат 52 минут жалғасып, 5 сеттің басында, есеп 2:0 кезінде Надаль ойынды жалғастыра алмайтынын қарсыласына жеткізді. Марин Чилич ойында 8 рет екілік қате жіберіп және 19 брейк-пойнттың 5 ғана пайдалана алды, Надальдің есебінде 3 эйс, 2 екілік қате және 2 брейк. Ойынның жалпы есебі 6:3, 3:6, 7:6, 2:6, 0:2.Жартылай финалда Марин Чилич ұлыбританиялық Кайл Эдмундпен кездеседі.