Достық спорт кешенінде “Алматылық Легион” шымкенттік «Қазығұрт» командасын қабылдады.

Алматылық жанкүйерлердің өткен маусымда шымкенттік баскетболшылардың қандай қарсылас болғаны есінде болар. Бірінші турдың нәтижесі бойынша шымкенттіктер бір ғана ұпай айырмасымен екінші орынды иеленді. Онымен қоса, бірінші кезеңде басты қарсыластар кездеспеді, сондықтан бұл матч қызықты да тартысты ойындардың біріне айналғаны сөзсіз.

Матч шымкенттік баскетболшылардың басымдығымен басталды. Бірінші кезеңде 26:22 есебімен шымкенттік алдыға шықты. Алайда, екінші кезеңде алаң қожайындары есепті теңестірді, есеп 47:39. Осылайша, алға ұмтылған алматылық баскетболшылар қалған екі кезеңде де қарсыластарынан басым түсті. Ойын 100:63 есебімен «Алматылық Легионның» жеңісімен өз мәресіне жетті.

- Біз матчты сенімсіз бастағанмен, бапкеріміздің кеңестері мен дұрыс бағыттауының арқасында жеңіске жеттік. Бұл біз үшін жаңа зал, қателіктер болды. Бірақ, үзілістен кейін бапкеріміздің барлық тапсырмаларын дұрыс орындап, ұтымды есеппен матчты аяқтадық. Соңында жас спортшыларға өнер көрсетуге мүмкіндік бердік. 12 ойыншының барлығы доп соғып, өз үлестерін қосты, - деп «Алматылық Легион» командасының ойыншысы Всеволод Фадейкин бөлісті.

“Казығұрттан” бөлек, “Алматылық Легион” “Ақтөбе”, “Иртыш”, “Барыс” және “Барсы Атырау 2” командаларымен жарыс алаңына шығатын болады.

Сонымен қатар, бүгін «Астана Тайгерс» пен «Ақтөбе» командалары кездесті, ойын астаналықтардың жеңісімен аяқталды, есеп 73:53. Ал «Синегорье» және «Иртыш» кездесуі көкшетаулықтардың басымдығымен, 92:66 есебімен өз мәресіне жетті. Сонымен қатар, бүгін «Барс» пен «Барсы Атырау» баскетболшылары өзара мықтыны анықтады, бұл матчта «Барс» баскетболшылары қарсыластарынан басым түсті.

Ал біз жанкүйерлер мен баскетбол сүйер қауымды 22-26 қаңтар аралығында «Достық» спорт кешенінде күтеміз. Өз командаңа қолдау көрсет.