Португалиялық атақты футболшы Криштиану Роналду жақында өзін әлемнің ең үздік футболшысы деп санайтынын мәлімдеген болатын.

Алайда, оның бұл пікіріне «футбол патшасы» Марадона қосылмайды. Бұл туралы аргентиналық аңыз ойыншы Латын Америкасының «Telesur» басылымының сұқбатын қабылдағанда айтты. «Әркімнің өз ойын айтуға қақысы бар. Тіпті, ауызына келгенін айтса да өзі біледі. Менше Криштиану ешқандай да әлемнің ең үздік ойыншысы емес. Ол өзін әлемнің ең мықты футболшысы деп айту үшін әлі көп еңбектенуі керек. Десе де, мен Роналдудың спорттық мансабын құрметтеймін», - деп ойын ашық ортаға салып отыр.