Күрестен әлем чемпионатының қорытынды күні Нұрмахан Тынәлиев грек-рим күресінен қоржынымызға қола медаль салды. 
 
120 келіден астам салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қандасымыз ширек финалда эстониялық Хейки Набиден ұтылса, қола медаль үшін өрбіген белдесуде венгриялық Михая Дик-Бардошты тізерлетті.
 
Жарыстың қорытынды нәтижесі бойынша жалпы есепте Иран құрамасы (4 алтын, 1 күміс, 2 қола) бірінші орынға ие болды, екінші орынды Ресейліктер алды (3 алтын, 4 күміс, 4 қола). Ал үздік үштікті Жапония қрамасы түйіндеді ( 3 алтын, 1 қола).