Алыпшаһарымызда гольф шеберлері бас қосты. Дәстүрге айналған «Kazakhstan Open» халықаралық турнирі 2005 жылы алғаш рет өткен. Биылғы жылы аталмыш жарыс тоғызыншы рет ұйымдастырылды. Әлемнің 43 елінен ат терлетіп келген 132 спортшысы  бас жүлде үшін таласқан.
 
«Kazakhstan Open» барысында әуесқойлар да біраз сабақ алды. Кәсіпқой гольфшылар арнайы уақыт бөліп оларға шебрелік сыныбын өткізді. 
 
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерлерге арнайы сыйлықтар мен дипломдар табысталды. Ал бас жүлде 27 жастағы швецариялық Йохан Карлссонға бұйырды.