Қарағандылық «Тұлпардан» жеңіліс тапқан «Қайрат» футзал клубы Семейде өтіп жатқан Қазақстан Кубогында үшінші жеңісіне жетті.

Жарыстың төртінші күні алматылықтар алаң қожайыны «Семей – Цемент зауытын» 12:3 есебімен ұтты. Кешегі матчта «Қайрат» СКА-ны жеңген – 10:1.

Бүгін кешке, Какау шәкірттері топтағы екінші орын үшін астаналық «Ұшқын-Искрамен» тайталасады.