Құрлықтық хоккей лигасы аясында астаналық «Барыс» хоккей клубы Тольяттиден келген «Лада» командасын қабылдап, 4:3 есебімен жеңіске жетті.

«Барыс» алғашқы периодты 1:0 есебімен жеңді. Ал ойынның екінші бөлегінде командалар бір-бір шайбадан алмасса, соңғы периодта 2:2 есебі тіркелді.

«Барыс» (Астана) – «Лада» (Тольятти) 4:3 (1:0, 1:1, 2:2)

Шайба:

1:0 – Доус (Даллмэн) – 00:54

1:1 – Стрельцов (Харпер, Кириллов) – 26:22

2:1 – Даллмэн (Доус) – 30:54

2:2 – Журавлев (Рахимуллин) – 47:24

3:2 – Старченко (Кучин) – 51:39

3:3 – Капустин (Мастрюков, Геноуэй) – 55:56

4:3 – Доус (Старченко) – 57:00