Англиялық «Манчестер Юнайтед» клубы мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналдуды сатып алудан бас тартты, деп жазады Marca басылымы.

Трансферге «қызыл сойқандардың» бас бапкері Жозе Моуриньоның өзі түрткі болған еді. «Манчестер Юнайтед» Криштиану Роналдуды қатарына қосу үшін 400 миллион еуроға шығындалуға әзір болған. Алайда қысқы трансферлік ауысымда «МЮ» лондондық «Арсенал» командасының шабуылшысы Алексис Санчесті қатарларына қосты.

Осыған байланысты, «Манчестер Юнайтед» қысқы ауысымда басқа трансфер жасаудан бас тартты. Ал жазда қорғаныс мен жартылай қорғаныс шебін күшейтпек.

Биылғы маусымда Роналду «Реал» үшін Испания біріншілігнде бар болғаны төрт ақ гол соққан. Ал Зиданның командасы басты бәсекелесі «Барселонадан» 19 ұпай кем жинаған.