Бельгияның бұрынғы премьер-министрі Жан-Люк Дехане басқаратын УЕФА-ның қаржылық бөлімі 2013-14 маусымында Еуропа додаларына қатысып жатқан алты командаға сыйақы ретіндегі ақшаларын бермей отыр.

Мұндай шешім УЕФА-ның 2012 жылы қабылдаған қаржылық «фэйр-плей» ережесіне сай шығарылыпты. Яғни, әрбір еурододаларда өнер көрсететін команда жылдың 30 маусымына дейін команда ішіндегі қаржылық міндеттер мен команданың кіріс-шығысын толық көрсету керек екен.

УЕФА жетекшілері жазаны «Астра» (Румыния), «Металлург» Донецк (Украина), «Хайдук» (Хорватия), «Зриньски» (Босния және Герцеговина), «Сконто» (Латвия)  және «Трабзонспор» (Түркия) командаларына қолданған.