Футболдан ел біріншілігінің 27-і турындағы орталық матчына баланған алматылық  «Қайрат» пен «Шахтер» арасындағы ойында тең нәтиже тіркелді.Алматының «орталық стадионында» өрбіген кездесу 3:3 есебімен аяқталды. Матч басталмастан бұрын «Қайрат» ойыншылары бас бапкер Владимир Вайссты туған күнімен құттықтады. Сондықтан болса керек, алматылықтар бірден ширақ қимылдап басымдыққа ие болды. Ойындағы есеп 32-і минутта ашылды. Гамбиялық сұрмерген Момоду Сиссей Казбек Гетериевтің әдемі пасын голға айналдырды. Тура төрт минуттан кейін Виталий Ли ескі командасының қақпасына доп аттандырды.Қарағандылықтар мұндай қарсылық күтпеген болар. Екінші таймда «Шахтер» қақпашысы Стас Покатиловтың қақпасына үшінші гол кірді. 55-і минутта армяниялық жартылай қорғаушы Артур Едигарян алыстан жойқын соққы жасап допты қақпа төрінде тулатты. Бақыттан басы айналған ойыншы сүрініп жығылып бапкерін құттықтауға ұмтылды. Расында да, туған күнге тамаша сыйлық еді. Алайда Еуропаны дүр сілгіндіріп кеншілер бәсі биік додаларда бекер ойнап жүрген жоқ екенін дәлелдей алды. Виктор Кумыков шәкірттері ұйқыдан оянғандай ес жиып шабуылдауға көшті. Команда капитаны Андрей Финонченко күні кеше ПАОК-қа қарсы өткен Грекия төріндегі сүреңсіз ойыны үшін ақталғандай екі голды бірінен кейін бірін топ еткізді.  Андрейдің дублі қалған ойыншыларға дем бергендей.  Қосымша минуттағы соңғы шабулда Игорь Зенькович көзге түсіп есепті теңестірді.

Көрермен көңлінен шыққан тартыс. 27 ойыннан өткізген қос ұжымның еншісінде 23 ұпайдан бар. «Шахтер» үшінші, «Кайрат» төртінші орында келе жатыр. Ал 33 ұпай жинаған «Ақтөбе» көш бастап тұр.Қазақстан чемпионаты. Премьер-лига. 27-і тур.

«Қайрат» - «Шахтер» - 3:3 (2:0)

Голдар: Сиссей, Ли, Едигарян – Финонченко 82, 86, Зенькович

«Қайрат»: Лория, Кислицын, Гурман, Михалик, Едигарян, Шестаков, Гетериев, Кнежевич, Кукеев, Ли, Сисей.

«Шахтер»: Покатилов, Симчевич, Тарасов, Порываев, Борантаев, Финонченко, Каньяс, Байжанов, Дарабаев, Занькович

Төрешілер: Вишниченко (Қостанай), Айжігітов (Қызылорда), Ходин (Атырау)

22 қыркүйек 2013 ж. Орталық стадион. Алматы.