18 қаңтар «Қайрат» футбол клубының Алматыдағы алғашқы оқу-жаттығу жиыны аяқталған болатын. Енді команда аз уақыттық демалыстан кейін екінші жаттығу жиынына аттанатын болады.

Алматылық команданың ресми сайтында жарияланған мәліметтерге қарағанда, клуб 23 қаңтарда Түркия жеріне жол тартады. 5 ақпанға дейін Жерорта теңізінің жағалауында екінші жаттығу жұмыстарын жүргізеді. Сол аралықта үш жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отырған көрінеді. Бірақ, қарсыластарының аты аталған жоқ.