19 жасқа дейінгі Қазақстанның қыздар құрамасы Еуро 2014-тің іріктеу кезеңінде Ирландиядан ұтылды.

Қос ұжым арасындағы матч 0:7 есебімен аяқталды. Қарсылас команда сапында Шайн хет-трик жасады, Маккейб дубль авторы атанып, Ньюмэн мен Мустаки бір-бір голдан соқты.

Бұрымдыларымыз келесі кездесуін Данияға қарсы өткізеді. Матч қыркүйектің 23-не жоспарланған.

Еуропа чемпионаты. Іріктеу кезеңі.

Ирландия U-19 — Қазақстан U-19 7:0 (5:0)

Голдар: Шайн 23, 34, 43, Маккейб 26, 72, Ньюмэн 30, Мустаки 84

Қазақстан U-19: Боброва, Нұрғалиева, Козиева, Корниенко (Аязгуль 76), Елюссизова (Шибкова 27), Қайырбекова (Нальгиева 77), Жұмабайқызы, Ходжашева, Ларина, Кулмагамбетова, Демидова