Повлодарлық «Ертіс» бүгін өткен жолдастық кездесуде Украинаның «Черноморец» командасын жеңді.

Жолдастық матч Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары аясында өтіп отыр. Кездесу 1:0 есебімен қазақстандық клубтің пайдасына шешілді. Жалғыз голды Илья Калинин соқты.

«Черноморец» клубы Украинаның Премьер лигасында бақ сынайды. Биылғы маусымда 19 ойыннан кейін 17 ұпай жинап, 10-ыншы орында келеді.