Немістің әйгілілі Transfermarkt сайтының мәліметінше, Қазақстан Премьер-Лигасының ең қымбат футболшылардың тізімін үш бірдей ойыншы бастап тұр.

2 миллион еуроға бағаланған «Қайраттың» капитаны Бауыржан Исламхан және ел чемпиондары «Астананың» көшбасшылары Дмитрий Шомко мен Патрик Твумаси тізімнің алғашқы сатысына жайғасқан. Төртінші орын - конголық сұрмерген Джуниор Кабанангаға тиесілі. Оның нарықтағы құны - 1 миллион 800 мың еуро. Үздіктер тізімінің бесінші сатысын тағы үш футболшы өзара бөліп алды. «Астананың» легионері Марин Томасов, «Қайраттың» бразилиялық ойыншы Исаэль Барбоза және шымкенттік «Ордабасының» өкілі Рохер Каньясты Transfermarkt сайты 1 миллион 700 мыңға бағалаған. Құны бір жарым миллион еуроны құраған Исламбек Қуат («Қайрат») пен Пабло Фонтанелло («Ордабасы») тиісінше 8-9-шы орынға жайғасты. Үздік ондықты үш бірдей футболшы түйіндеп тұр. Олар: «Астананың» қорғаушысы Юрий Логвиненко, алматылық «Қайраттың» футболшылары Ғафуржан Сүйімбаев пен Иво Иличевич. Құны - 1 млн 200 мың еуро.

Толық тізім мынадай:

1-2-3. Бауыржан Исламхан («Қайрат»), Дмитрий Шомко, Патрик Твумаси («Астана») - 2 миллион еуро

4. Джуниор Кабананга («Астана») - 1 миллион 800 мың еуро

5-6-7. Марин Томасов («Астана»), Исаэль Барбоза («Қайрат»), Рохер Каньяс («Ордабасы») - 1 миллион 700 мың еуро

8-9. Исламбек Қуат («Қайрат»), Пабло Фонтанелло («Ордабасы») - 1 миллион 500 мың еуро

10. Юрий Логвиненко («Астана»), Ғафуржан Сүйімбаев, Иво Иличевич («Қайрат») - 1 миллион 200 мың еуро