«Барселона» клубының қорғаушысы Жерар Пике командамен келісімін ұзартты. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

30 жасар ойыншы жаңа келісім болйынша испандық клубта 2022-жылға дейін ойнайды.

Пике каталониялық клубтың түлегі. Спорттық мансабында «Барселона» үшін 422 ойын өткізіп 25 жүлдеге қол жеткізген.