2-4 ақпан аралығында Астананың ұлттық теннис орталығында Қазақстан мен Швейцария (ерлер) арасында Дэвис кубогы әлемдік топтың 1/8-ші финалының 1-ші раунд ойындары өтеді, деп хабарлайды prosports.kz ҚР теннис федерациясына сілтеме жасап.

Естеріңізге салайық, бұл турнирде Қазақстан 1995 жылдан бері ойнап келеді. Әлемдік топқа бірінші рет 2010 жылы шықса, 2011, 2013, 2014, 2015 жылдары ширек финалда өнер көрсеткен. Ал өткен жылдың қыркүйек айында ұлттық құрамамыз Аргентина командасын тізе бүктіріп, әлемнің үздік 16 командалар қатарына қайта енген болатын.

Айта кететін жайт, аталмыш ойынға құрама тізімі 22 қаңтар күні жарияланады.

1-ші раунд 1/8 финал Дэвис Кубогының әлемдік тобы.

Қазақстан – Швейцария

02 ақпан

Ойындардың басталуы: 12:00

03 ақпан

Ойындардың басталуы: 14:00

04 ақпан

Ойындардың басталуы: 14:00