42 жастағы аустралиялық боксшы Энтони Мандайн (47-8, 27 КО) орта салмақа әлі жұдырықтасқысы келетінін айтты.

— Осы жыл үш кездесу өткізгім келеді. Егер жеңіске жетіп жатсам, маған ақшалы кездесулер ұсынады. Джефф Хорн менімен жекпе-жекке шықпаса, Билли Джо Сондерс, Головкин сынды үздіктермен айқасуға дайынмын, - деді Мандайн.

Айта кетейік, Энтони Мандайн кезінде орта салмақтағы әлем чемпионы белбеулерінің иегері.